Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ҚОЛДАНЫЛДЫ

фото ғаламтордан алынды
фото ғаламтордан алынды

Ішкі істер органының қорғау нұсқамасын бұзып,

әкімшілік жазаға тартылды

Қызылқоға аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  461-бабымен азамат Б.Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Б.Д. алкогольден масаң күйде, апасы Н.Б-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдіріп, үй заттарды бүлдiріп, 2023 жылғы 20 қаңтардағы ішкі істер органымен берілген қорғау нұсқамасын бұзған.      
Сот отырысында Б.Д. өз кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, алкагольдік масаң күйде болғандықтан құқық бұзушылық жасағанын, әрекеті үшін кешірім сұрап өкінетінін айтты. 
ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзуы -   ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот, Б.Д.-ға әкімшілік жаза қолдануда оның құқық бұзушылық әрекетіне өкінуін жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ал жауаптылығын ауырлататын мән-жайға алкогольдік масаң күйде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағанын таниды.   
Сот қаулысымен, азамат Б.Д. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабымен кінәлі деп танылып, 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.  

Көлік басқару құқығы жоқ бола тұра,  

алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруына берген

Қызылқоға аудандық сотында  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  608-бабының 6-бөлігімен азамат С.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат С.А. көлікқұралын басқару құқығы жоқ бола тұра,  көше бойында, «ВАЗ 21154»» маркалы автокөлік құралын, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруына берген.
Сот отырысында  С.А. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, өзіне тиесілі автокөліктің жағдайын тексеру  мақсатында, қасындағы таныс жігіт Н-ның басқаруына бергенін, оның алкоголь өнімін пайдаланғанын білгенін айтып, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде - жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген. Басқа балама жаза көзделмеген.
Сот қаулысымен азамат С.А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылсын, 20  тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.  

             Сот шешімін орындамай айыппұл арқалады

Қызылқоға аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  669-бабының 1-бөлігімен азамат К.К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат К.Қ. талап қоюшы А.Х.-ның пайдасына сот шешімімен материалдық шығын және моралдық залалды өндіруге шығарылған аудандық соттың атқару парағын орындамаған.
Сот отырысында азамат К. кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін, отбасы жағдайымен және осы кезге дейін жұмыссыз болғандықтан сот актісін орындай алмағанын, енді жаңа жұмысқа орналасқандықтан қамақ түріндегі әкімшілік жаза қолданбай, айыппұл түріндегі жеңіл жаза қолдануды сұрады.
Сот отырысында мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, өз өндірістеріне  Қызылқоға аудандық сотының шешімімен атқару парағы 2022 жылы орындауға түскенін, алайда азамат К.К. бүгінгі күнге дейін сот актісін белгісіз себептермен орындамай отырғанын, сол себепті тиісті баппен әкімшілік құқық бұзушылық хаттама жасақтағандарын айтып көрстетті.
Сот қаулысымен азамат К.К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 12 075  теңге әкімшілік айыппұл салынды.

     Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521