Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЩЫ СУДЫҢ КЕСІРІ

Қызылқоға аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  73-бабының 2-бөлігімен азамат С.Е.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат С.Е. алкоголдік масаң күйде жәбірленуші анасы А.Ж.-ға былапыт сөйлеп, отбасы тыныштығын бұзып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық білдірген, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.     
Яғни, азамат С.Е. бұдан бұрын да Қызылқоға аудандық сотының 2022 жылғы 16 мамырдағы қаулысымен осы бап бойынша жеті тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынып, сот қаулысы заңды күшіне енген.
Жәбірленуші А.Ж. өзінің баласы С.Е.-ге заңды шарасын қолдануды айтып, денсаулығына байланысты сот отырысын өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтініш келтірді.
С.Е.-нің кінәсі - жәбірленушінің арызымен, полиция қызметкерінің баянатымен, алкогольдік масаң күйде болғаны туралы медициналық куәландыру қорытындысымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен бекітілген. 
Сот қаулысымен азамат С.Е. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 10  тәулікке  әкімшілік қамаққа алынды.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT