Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

 Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Ж.И.-ның  жауапкер М.К.-дан ортақ мүлікті бөлу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қаралды.

Сотта анықталғандай,  талап қоюшы Ж.И. сотқа талап қоюмен жүгініп, онда жауапкер М.К.-дан ортақ некеден алынған мүлікті және жинақталған зейнетақы шотындағы қаражатты бөлуді сұрады.
Судьяның жәрдемдесуімен татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізіп, тиісті талаптар бойынша реттеу туралы келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. 
Келісім шарттары бойынша, талап қоюшы Ж.И. жауапкер М.К.-ден ортақ некеден алынған мүлікті және жинақталған зейнетақы шотындағы қаражатты бөлу туралы талап қоюынан бас тартады.
Ал, жауапкер М.К. талап қоюшы Ж.И.-ның  пайдасына өндірілген          1 400 000 теңгені  белгіленген мөлшерде әр ай сайын бөліп төлеуге міндеттенеді.
Сот отырысында тараптар сотқа өтініш келтіріп, онда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрады.

Сот ұйғарымымен аталған азаматтық іс бойынша тиісті талаптар негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық  іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшыға тиісті мемлекеттік баж қайтарылды.

Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521