Кімдердің кредиті кешіріледі – қаржы министрлігі түсіндірді

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жеке азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасының негізгі нормаларын түсіндірді.

"Егер тұрақты табыс және қарызды жабуға мүмкіндік болмаса, банкрот жариялау шарасын қолдану ұсынылып отыр. Оның екі түрі болады. Біріншісі – сотсыз банкроттық, екінші – сот арқылы банкроттық жариялау", - деді Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Сотсыз банкроттыққа жүгіне алатын адамдардың нақты санаттары анықталды.

Олар:

-қарызды төлеу мерзімі бес жылдан асып кеткендер;

-100 АЕК-тен (306 300 теңгеден) аспайтын берешекті бір жыл төлемей жүргендер;

-1 600 АЕК-тен (4 900 800 теңгеден) аспайтын қарызды алты ай төлемегендер.

Сотсыз банкроттықты жариялау туралы өтініш электронды үкімет порталы арқылы жіберіледі. Бұдан бөлек, "Е-салық азамат" мобильді қосымшасы арқылы жіберуге мүмкіндік болады.

"Құжат қабылданғаннан кейін мүліктің бар-жоғы, қарызды төлеу мерзімінің үш санаттың біреуіне сәйкес келуі және тағы басқа мәліметтер тексеріледі", - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, қарыз көлемі 5 миллионнан асатын борышкерлер банкроттықты сот арқылы жариялайды. Мүлік болса, сауда-саттық арқылы сатылып, кредитті жабуға жіберіледі. Қалған қарызы кешіріледі. Ал жалғыз баспанасын кепілдікке қоймаған болса, кредитор оны алып қоя алмайды.

"Осылайша "банкрот" деп жарияланған адамның жалғыз баспанасынан басқа мүлкі мен ақшасы болмаса, қарызы кешіріледі. Бірақ нақты шектеулер болады. Атап айтқанда, заң жобасында бес жыл бойы кредит пен займ алуға тыйым салынып отыр. Бұдан бөлек, үш жылға елден тыс жерге шығуға рұқсат болмайды. Шетелге тек емделуге, жақын туысын алып баруға және жақын туысын жерлеуге шығуға мүмкіндік беріледі. Жұмыс істеу үшін де рұқсат берілуі мүмкін. Оны әлі де талқылау қажет", - дейді Сұлтанғазиев. Ал банкроттықтан кейінгі шектеулермен жүргісі келмейтін адамдар қарыздан бірте-бірте құтылу тетігін таңдай алады. Ол "төлем қабілеттілігін қалпына келтіру" деп аталады. Ондайда борышкер сотқа жүгініп, қарызды бес жылға бөліп төлеуді сұрайды. Бірақ тұрақты табысы болуы шарт. Ал берешегі 5 миллион теңгеден асуға тиіс.

"Сосын қарыз берген және қарыз алған адамның келісімі болуы шарт. Осыдан кейін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары жасалып, сотта бекітіледі", - деді Сұлтанғазиев. Айта кетері, Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы арнайы заң жобасы әзірленген болатын. Осы айдың басында осы құжат қоғамдық талқылауға шығарылды. Ал 4 ақпанда заң жобасы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралды.

Ал Sputnik Қазақстан жаңа заңның негізгі нормаларына шолу жасаған болатын. Жаңа заң келесі жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарланып бар.

 

Sputniknews.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика