Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында 8 726 адамға 554,7 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, атаулы әлеуметтік көмекті 1 575 отбасы мүшелері алады.

«Оның ішінде 1 308 отбасындағы 7 519 адамға шартты ақшалай көмек, 305 отбасында тұратын 1 403 адамға шартсыз ақшалай көмек тағайындалып отыр. Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілеттілерінің саны 2423 адамды құрайды. Мұндағы 119-ы тәуелсіз қызметкерлер, ал, 1 232 адамда жүгіну кезінде жұмысы болған. Сондай-ақ, 387 адам жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген болса, 685-і бала күтімімен отыр. 387 адамның 99,5 пайызы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Нақтылай айтқанда, 48-і тұрақты жұмысқа, 315-і қоғамдық жұмысқа, 9-ы әлеуметтік жұмысқа, 12-і кәсіби қайта даярлауға, 1-уі жастар тәжірибесіне жіберілді», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Атаулы әлеуметтік көмек отбасылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1 918 балаға 94,4 млн теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік топтамасы берілген.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521