Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
2021 жылы 7 800 квотаның 3 620-сы жаңадан жұмысқа тартылған шетелдіктерге берілген. Ал қалғандары жұмыс істеу мерзімін ұзартқандар мен қайта рәсімдегендер.
- Өткен жылғы жоспар бойынша 7 723 бірлік квота бөлінді. Оның 144-і бірінші санат, 1 881-і екінші санат, 4 494-і үшінші санат болса, 604-і төртінші санат бойынша берілді. Сонымен қатар, шетелдік қызметкерлерге маусымдық жұмыс бойынша 600 квота бөлінді, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, қазіргі таңда шетелдік жұмыс күші тартылып отырған кәсіпорындарда 92 239 қазақстандық маман жұмыс істеуде.