Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың бірнеше жерде жұмыс істеу шарттарын түсіндірді. Министрдің айтуынша, елімізде бірнеше жұмыста еңбек етуге рұқсат етілген, алайда белгілі бір шектеулер бар.
Яғни, екі емес, төрт жерде де жұмыс істеуге болады. Алайда бір талап бар: тәуліктік жалпы жұмыс уақыты 12 сағаттан аспауы керек. Бұл – Қазақстанның Еңбек кодексінде белгіленген норма.