Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақстанда кімдер заң көмегін тегін ала алады

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Қазақстанда заң қызметтерін тегін алу мүмкіндігі бар.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға келесі азаматтардың құқығы бар:

— Физикалық тұлғалар:

Алимент өндіру, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау, реабилитация, босқын немесе қандас мәртебесін алу мәселелері бойынша;

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балалар;

Жыныстық зорлық-зомбылыққа, адамдар саудасына, терроризм актілеріне ұшырағандар немесе азаптауға тап болған адамдарға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша;

Асыраушыдан айырылғандарға, жұмыс немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан денсаулығына зиян келтірілгендерге қатысты мәселелер бойынша;

— Арнайы санаттар:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілгендер, басқа мемлекеттерде әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер, мерзімді әскери қызметте болғандар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі барлар, зейнеткерлер (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);

Көпбалалы отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша);

Кедейшіліктің шегінен төмен табысы бар азаматтар мен отбасылар (кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мәселелер бойынша).

Сотта тегін қорғау және өкілдік ету

Мемлекет сондай-ақ сотта, қылмыстық қудалау органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ақысыз заңдық қорғауды және өкілдік етуді келесі жағдайларда қамтамасыз етеді:

— Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тұлғаларға;

— Азаматтық істерде талапкер мен жауапкерге, сондай-ақ әкімшілік соттардағы талапкерлерге;

Қылмыстық істер бойынша күдікті, айыпталушы, сотталушы, ақталған және жәбірленуші тараптарға.

Қазақстанда мемлекет кепілдік берген заң көмегіне құқығы бар азаматтар оны тұрғылықты жеріне және жүрген жеріне қарамастан өтініш бере алады. Сондай-ақ, заңды көмек көрсету туралы өтінішті заңды өкілдер олардың атынан беруге құқылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT