Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қаракөл ауылында эстафета жалғасуда

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы Абайдың 175 жылдығына орай, Жамбыл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен осындай тақырыпта онлайн эстафета өткізілуде.

Оған аталмыш кітапхананың оқырмандары белсене қатысуда.

Эстафетаны алдымен Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ардақ Наушабаева бастап, Абайдың 31-ші қара сөзін оқыса, мектеп оқушылары Гүлім Амантай,Ұлпан Серік, Ақжарқын Құмарова, Рабиға Жақсылық, ГауҺар Ермектер ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Ал, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Айтаңсық Манасқызы Абайдың екінші қара сөзін мәнерлеп оқып берсе, «Қаракөл» мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дастан Асан «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта шырқады.

Ақын шығармаларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара өткен аптада басталғанымен ауыл тұрғындарының белсенділік танытуының арқасында одан әрі жалғасын табуда. Кітапхана оқырмандары арасында өткізіліп жатқан онлайн эстафета әлі де жалғасуда.

Гүлмира МАҚСОТ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT