Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Карантиндік шектеу шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізілді

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзгеріс енгізілген қаулыға сәйкес, елімізде ойын-сауық орындары, атап айтсақ караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары және кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынды.

Тек маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат берілген. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтайды.

Дереккөз: inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521