banner_damu

Барлығы 233 319: Атырау облысында әр үшінші адам ПТР тесттен өткен

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен коронавирустың екінші толқынына дайындықты пысықтауға қатысты өткен селекторлық кеңесте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Асылбек Шаров айтты, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

«Облыс көлемінде COVID-19 инфекциясына анықтауға қатысты 233 319 ПТР тест жасалған, нәтижесінде 11 023 жағдай расталып отыр. Біздің өңір тест өткізу бойынша елімізде көшбасшылардың бірі. Сондықтан статистикаға сүйенер болсақ, облыстың әрбір үшінші тұрғыны тест тапсырған деуге болады. Бірақ, жұмыс барысымен біздің өңірде жүрген өзге өңір азаматтары да бар.

Алайда, олар біздің облыстың статистикасына енді. Бүгінгі таңда аумақтағы ПТР әдісімен COVID-19 тестілеуді өткізуді жүзеге асыратын зертханалар қорында 161 682 тест сынамасы бар және 126 700 тест сынамасын алу жоспарланып отыр, - деді Асылбек Шаров.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ПТР әдісі арқылы зерттеу жүргізетін 2 мемлекеттік, 4 жекеменшік зертхана және Теңіз кенішінде екі зертхананың филиалдарымен барлығы 8 орталық жұмыс жасауда.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика