Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Оңтайлысы онлайн сауда

Карантиннен кейін кәсіпкерлік саласында да көптеген өзгерістер орын алуы мүмкін. Себебі, соңғы екі айдан бері кәсіпкерлік нысандардың көбісінің жұмысы тоқтап, кәсіпкерлер амалсыздан онлайн саудаға көшкені белгілі.

Әріге бармай-ақ, аудан орталығының өзінде фастфуд өнімдерін сататын дәмханалар мен киім-кешек сататын дүкендер әлеуметтік желі арқылы өнімдерін сатып, онлайн сауданың көркін қыздырды. Бұл үйде отырған халыққа да ыңғайлы болды. Үйден шықпай-ақ, телефонмен тапсырыс береді, кәсіпкерлер өздері үйге жеткізіп тастайды. Бұл әдіс кәсіпкерлерге де тиімді.

Киім-кешек және ойыншықтар сататын кәсіпкер Күмісай Орынғали:

– Алғаш төтенше жағдай жарияланып, жалдап отырған сауда орнымыз жабылғанда бәріміз абдырап қалғанымыз рас. Сосын амал жоқ табысынан айырылған кәсіпкер есебінде 42 500 теңгеге өтініш бердім. Алайда, қате толтырғандықтан маған берілмеді. Сосын тәуекел етіп әлеуметтік желіден парақша ашып, сататын заттарымды жарнамалай бастадым. Алғашында парақшамда адам саны аз болғандықтан сауда көп болмады. Сосын уақыт өте келе адамдар көптеп тіркеліп, заттарым өте бастады. Тұрғындар телефон арқылы тапсырыс береді, ағамның көлігі арқылы үйлеріне жеткізіп отырдық. Төлемді «Каспий голд» картасы арқылы қабылдадым. Осылай жайлап-жайлап жаңа нарыққа бейімделдік. Былай қарасаң, онлайн сауданың түк қиындығы жоқ. Тек әлеуметтік желідегі бизнес парақшаңды белсенді жүргізіп, халықпен тығыз жұмыс жасауың қажет, – дейді.

Міне, карантиннің бір пайдасы – нарықтағы сауданың жаңа жүйесі қалыптасты. Бұл кәсіпкерге де, тұтынушыға да тиімді болып тұр. Осылай жалғаса беретін болса алдағы он жылда табан тоздырып, дүкен аралайтындар азайып, үй аралайтын кәсіпкерлер көбеюі бек мүмкін.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521