Қызыл кітапқа енгізілген Борщов қызғалдағы гүлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ресейлік ботаник Илья Григорьевич Борщовтың есімімен аталған Арал теңізі өңірінің эндемигі. Аталмыш қызғалдақ түрі Барсакелмес қорығында көптеп кездеседі. Сәуір-мамыр айында гүлдеп, мамыр-маусым айларында жемістенеді. Жемісі - үш ұялы көп тұқымды қауашақ.