АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың рекордтық көлемі тартылды. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтында жарияланған статистика мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 17,7% көп (23,8 млрд доллар). Сондай-ақ бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш – 2012 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 28,9 млрд доллар болған.
Осылайша, Үкімет пен өңірлер әкімдіктері жұмысының арқасында өткен жылы ҚР Инвестициялық саясаты тұжырымдамасының 2026 жылға дейінгі аралық нысаналы индикаторлары 14,3% асыра орындалған (жоспар – 24 млрд доллар).
Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер:
- Нидерланд – 8,33 млрд доллар (өсім – 19,7%),
- АҚШ – 5,1 млрд доллар (+81,9%),
- Швейцария – 2,8 млрд доллар (+2,4%),
- Бельгия – 1,56 млрд доллар (+46%),
- Ресей – 1,52 млрд доллар (-19,7%),
- Оңтүстік Корея – 1,48 млрд доллар (+84,8%),
- Қытай – 1,43 млрд доллар (-22,5%),
- Франция – 770,2 млн доллар (+27,4%),
- Ұлыбритания – 661 млн доллар (-35,7%),
- Германия – 469,5 млн доллар (+45,4%)
Инвестициялар ең көп тартылған салалар:
- тау-кен өнеркәсібі – 12,1 млрд доллар (+25%),
- өңдеу өнеркәсібі – 5,6 млрд доллар (+3%),
- көтерме және бөлшек сауда – 5,08 млрд доллар (+36%),
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,1 млрд доллар (өсім – 2,1 есе),
- көлік және қоймалау – 1,1 млрд доллар (+14%),
- құрылыс – 698 млн доллар (-3%),
- қаржылық және сақтандыру қызметі – 650 млн доллар (-60%),
- электрмен жабдықтау және газ беру – 635,6 млн доллар (өсім – 2,8 есе).
Өңірлер арасында шетелдік капиталды тартуда аса белсенділік танытып отырған өңірлер:
- Атырау облысы – 8,2 млрд доллар (+48%),
- Алматы – 7,57 млрд доллар (+11%),
- Астана – 2,25 млрд доллар (өсім – 2 есе),
- ШҚО – 2,2 млрд доллар (+3%),
- БҚО – 1,12 млрд доллар (+7%),
- Алматы облысы – 698,2 млн доллар (+47%),
- Ақмола облысы – 376,3 млн доллар (өсім – 6,3 есе),
- Қызылорда облысы – 336,5 млн доллар (+36%),
- СҚО – 105,7 млн доллар (өсім – 3 есе),
- Жамбыл облысы – 62 млн доллар (өсім – 3 есе).