Қаңтар оқиғасын ел ешқашан ұмытпайды. Сондықтан өткеннен сабақ алып, еске алып отырған да дұрыс деп ойлаймын. Қарап отырсақ, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырудың жоғары дәрежесі байқалады. Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың іс-қимылдары үйлестірілген мессенджерлер чаттарында Алматы мен Жамбыл облысы бойынша қатысушылар саны бірнеше сағат ішінде 4-5 мыңға жуық пайдаланушыға жеткен екен. Тек 5 қаңтарды алсақ, бір күн ішінде еліміздің 8 өңірінде облыс орталықтары мен ірі қалалардың әкімдіктеріне шабуыл жасалды. Бұл күні тәртіпсіздікке қатысушылар Алматы әкімдігінің ғимаратына кіріп, Президенттің Алматыдағы резиденциясына барды, өзіміздің Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдіктеріне шабуыл жасады, Талдықорған, Ақтөбе, Тараз және Семей қалаларының әкімдіктері мен Алматы халықаралық әуежайын басып алды. Мұндай жағдай елімізде енді қайталанбасын деп тілейік.
Аққали Қабижанұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессорпроцессор