Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҰЛ БІЗГЕ САБАҚ БОЛУЫ ТИІС

 Ел тарихында «Қаңтар қасіреті» деген атпен қалатын өткен жылдың басындағы қанды оқиға ел жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Бұл оқиғаның әлі де ашылмаған, жалпы көпшілікке беймәлім тұсы көп. Осыған орай жақында Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің отырысында депутаттар күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар басшыларын тыңдады. Аталмыш отырыста өз пікірін білдірген Мәжіліс депутаты Айдос Сарым: ««Қаңтар трагедиясы» елдегі реформаларды болдырмауға бағытталған қадам болатын. Өздерінің «дәстүрлі» майшелпектерінен, эксклюзивті экономикалық монополиялары мен мүмкіндіктерінен айрылғысы келмеген реваншистік топтардың алдын ала дайындалғаны, қаруланғаны айқын көрінді. Бұған қоса кейбір полиция және күштік құрылым басшыларының сатқындық жасап, әскери борыштарын орындамағанын еске алуымыз керек» деген болатын. Мен де бұл пікірге толық қосыламын. Бұл мемлекеттік төңкеріс жасауды мақсат тұтқан қаскөйлердің ісі деп түсінуіміз қажет. Өз қалталарынан басқаны ойламай, жинаған байлықтарынан айырылмауды көздейтін олар, неге де болсын дайын. Сондықтан, баланы әкеден, ата-ананы баладан, әйелді күйеуінен айырған бұл қанды оқиға бізге сабақ болуы тиіс. Ештеңенің байыбына бармай, біреулердің айтқанына ілесе бермеу керек. Әркімнің өзіндік ой-пікірі болғаны жөн.

Шапиғолла ҚОНЫСБАЕВ,

ауданның Құрметті азаматы

 

Фото ғаламтордан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT