Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҮЛІК БОЛҒАН ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ

Таяуда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінде былтырғы қаңтар оқиғасына орай арнайы тыңдау өтті. Онда еліміздің бас прокуроры мен ішкі істер министрі қаңтар қырғынының мән-жайын депутаттар алдында мәлімдеді. Соны тыңдап отырып, бұл қарапайым бейбіт митинг емес екендігін ұғындық. Сөйтсек бұл оқиғаға бүлікшілер әбден дайындалып шыққан екен. Ең өкініштісі - бүлікшілердің кесірінен полиция мен өрімдей жастар қаза болды. Мемлекеттік мекемелер қирап, көшедегі көліктер өртеліп, кәсіпкерлік нысандар тоналды. Қаншама отбасы асыраушысынан, бауыр еті баласынан айырылды. Өте қиын жағдай орын алды. Халқымыз “Бір күндік ұрыстың - қырық күндік кесірі бар” дейді. Яғни, бүлік болған жерде береке болмайды. Сондықтан бұл оқиғадан билік те, қоғам да сабақ алып, келесі жолы қайталануына жол бермеуіміз керек. Жәния ІЗБАСҚАН, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

 

ФОТО "Егемен Қазақстан"  газетінен алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT