Департамент басшысының қатысуымен Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытында жастармен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі, мемлекеттік қызметке орналасу бойынша ЖОО-ның түлектеріне берілген мүмкіндіктер туралы ақпараттандырып, өңірлік кадр резерві бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынды.
Өз кезегінде, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты – өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды. Атап өту қажет, Іріктеуге: 35 жастан аспаған; жоғары білімді; 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.