Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда Өңірлік кадрлық резервке іріктеу бойынша ақпараттық жұмыстар жалғасуда

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне Өңірлік кадрлық резервіне іріктеу және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар бойынша ақпараттық-түсіндірме бағытындағы кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік кадрлық резерві жобасына іріктеудің талаптары мен тәртібі түсіндірді. Осы орайда, Өңірлік кадрлық резервтің басты мақсатты- өңірдегі талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобына қалыптастыру екенін баяндап, жиынға қатысқан барша жастарды Іріктеуге белсене қатысуға шақырды.

Атап өту қажет, іріктеуге: 35 жастан аспаған; жоғары білімді; 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1-31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT