Атырау облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 2 жағдай тіркелді.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қазір қанағаттанарлық,бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 47 адам анықталды.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы
Сурет: ашық дереккөзден