Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде COVID-19 жұқтырғандардың 9-ы жылыойлық

Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 11 адам анықталды.

Ауру жұқтырғандардың 2-уі Атырау қаласынан, 9-ы Жылыой ауданынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған.

Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Науқастардың жағдайы қазір қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күн бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 59 адам анықталды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521