Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық Бас санитар А.Аймұратованың қаулысы...

Қызылқоға ауданы аумағында қосымша шектеу іс-шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы

Мен, Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Аймуратова Алтынгул Букенбаевна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4 тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше комиссия режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы №6 шешіміне, «Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің №103-1915-06 Ережесіне сәйкес, аудан аумағымен шекаралас жатқан Атырау қаласы мен өзге аудандары, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясынан (бұдан әрі – COVID-19) қолайсыз эпидемиологиялық ахуалдың қалыптасуына, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.2020 жылдың 11 сәуірі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 30 сәуірді қоса алғанда Қызылқоға ауданы аумағында келесі шектеулер енгізілсін:

1) аудан округтері арасында жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, медициналық ұйымдардың, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, коммуналдық-шаруашылық, авариялық-құтқару, төтенше жағдайлар ветеринария, инкассация қызметкерлеріне автокөліктерімен қоса, сонымен қатар транзиттік автокөліктерді қызметтік куәлік немесе растау құжаттарымен өткізуге;

2) дәрігерге қаралуға ( шұғыл жағдайда және жүкті әйелдерге жоспарлы тексеріс үшін, аудандық емхана мен аурухананың келісімімен),

3) басқа округтердегі жанұя мүшесін жерлеу рәсіміне баруға жергілікті округ әкімінің, мал және мал өнімдерін тасымалдауға, азық-түлік, дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдары бар автокөліктерді аудан әкімдігінің рұқсат қағазымен өткізуге;

4) аудан тұрғындарының көшеде жүруіне және аудандағы көлік құралдарының қозғалысына сағат кешкі 21:00 ден таңғы 06:00-ге дейінгі мерзімде шектеу қойылсын;

5) аудан округтері арасында ресми және бейресми (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына, сондай-ақ ауыл ішінде ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылар мен жолаушылар тасымалына тыйым салынсын;

6) аудан бойынша азық-түлік және халыққа бірінші кезекте қажетті тұрмыстық тауарларды сататын дүкендерден, «жеткізіп беру» принципімен жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану орындарынан, дәріханалардан, жанар-жағар май және газ құю бекеттерінен басқа сауда нүктелері мен объектілерінің (тойхана, кафе, бар, асхана, суши-бар, донерлік және басқа да тамақтану орындарының, ойын-сауық нүктелерінің, автобөлшектер, монша, сауна, автокөлік жөндеу-жуу, фотосалон, оптика, компьютер клубтары, балалар ойын алаңдары, спорт комплекстері, спорт залдары, заттарды химиялық тазалау пункттері, тырнақ шеберханалары, шаштараздар және т.б) қызметтері тоқтатылсын;

7) аудан бойынша азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты сағат кешкі 20:00-ден таңертеңгі 09:00 дейін, жанар-жағармай бекеттерінің жұмыс уақыты сағат кешкі 20:00-ден таңғы 07:00-ге дейін тоқтатылсын;

8) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

9) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

10) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 100 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын жүзеге асырсын;

11) отбасы мүшелерін қоспағанда 3 адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне шектеу қойылсын;

12) күндізгі және түнгі уақытта жанұялық барлық шараларға (үйлену тойлары, туған күндер, садақа, ас беру, қонақтық және т.б) тыйым салынсын.

2.Ауылдық округ әкімдеріне:

1) халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, жағалауларды, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жабылуын қамтамасыз етсін;

2) меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

3) кәсіпкерлік субъектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;

4) тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген карантиндік және шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

5) жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды аудан әкімдігінің ресми сайтына, аудан көлеміндегі әлеуметтік желілерге, баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын;

6) санитариялық - карантиндік бекеттерде көліктерге кіру-шығуы кезінде дезинфекция жұмыстары жүргізілсін.

3.Аудандық полиция бөлімі басшысына:

1) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақсатан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

2) азаматтардың қоғамдық орындарда саябақтарда, алаңдарда болуына жол бермеу мақсатында оларды күзету жөніндегі шаралар күшейтілсін;

3) қауесет пен арандатушылық жалған ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық жалған ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;

4) берілген тізімге сәйкес үй карантиндік режиміндегі азаматтардың карантиндік режимін сақтауы бақылансын;

5) 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

6) аудандық жедел штабтың тиісті мүшелерімен бірлесіп рейдтік шаралар ұйымдастырылсын.

4.Аудандық орталық аурухана директорына:

1) стационарға жатқызылған науқастарға баруға және науқастардың сырттан өзгелей заттарды қабылдауына тыйым салу;

2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеу;

3) емдеу мекемелерінде санитариялық-дезинфекция және эпидемияға қарсы режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

4) медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау, тасымалдау, ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу, емдеу және науқастарды күтуге байланысты персонал мен персоналдың жоғары дәрежелі қорғаныс маскаларын немесе респираторларды, резеңке қолғаптармен қамтамасыз ету;

5) карантиндік стационарда, аудандық аурухананың провизор бөлімінде 4) тармақшадағы шаралардың сақталуын қамтамасыз ету;

6) қашықтан қызмет көрсету форматында алғашқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарының дәрігерлерді қабылдауын, сондай-ақ онлайн режимінде немесе рецептерді үйіне жеткізуді қамтамасыз ету;

7) респираторлық инфекция белгілері бар тұрғындарды COVID-19 зертханалық тексеріс жүргізіп, үй карантиніне оқшаулау;

8) карантинге ұшыраған жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтарын беру (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині);

9) провизорлық және карантиндік стационардың аумағынан шығатын автомобиль көліктерін дезинфекциялық өңдеу.

10) 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

5.Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

2) ғимараттарында үнемі желдету жұмыстарын жүргізіп отыру;

3) сатушылар мен басқа жұмысшыларды әр 2 сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш бетперделермен, резеңке қолғаптар мен жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

4) келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен кіргізуге рұқсат берсін;

5) дүкендерде кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз етсін;

6) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, азық-түлік дүкендеріне кірер алдында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақта жасалсын;

7) шаруашылық субъектілеріне азық – түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастыру мен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну.

6. «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесі мен жеке нотариустарға:

1) барлық санитариялық – эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, 3 адамнан артық кезек тудырмайтындай етіп, жұмыс уақыты сағат 9.00 – 17.00 аралығында белгіленсін.

7.Аудандық тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімі басшысына округ әкімдерімен бірлесіп:

1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша аудан аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар, бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды, т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.

8.Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар), аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына, округ әкімдеріне:

1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс -шараларды күшейтсін;

2) су құбырындағы апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс-шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз етсін;

3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (қорғаныш бетперделермен, қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмасын;

4) ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерге келушілерді 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз етсін;

5) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейтсін;

6) негізгі технологиялық процеске байланысты емес қызметкерлерді қашықтан жұмыс нысанасына ауыстырсын.

9. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына тыйым салу:

1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс-шаралар өткізуге;

2) ұйымдарымен кәсіпорындар қызметкерлерінің ауданнан тыс жерлерге баруға;

3) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту.

10. Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) карантиндегі стацинонарлармен объектілерде санитариялық - дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын объектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

3) 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;

11.Жеке және заңды тұлғаларға:

1) 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.04.2020 жылғы №30 «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысының талаптарын орындауды қамтамасыз етуге, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.03.2020 жылғы №8 «Атырау облысының ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысының орындалуын қамтамасыз етуге.

12. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

13.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

14.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

15.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА, 

Қызылқоға ауданының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521