Атырауда қауіпті инфекцияны жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Атыраудағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.
Вирус жұқтырған 1992 және 1971 жылғы екі ер адам карантиндік ауруханаға жатқызылды. Олар коронавирустық инфекция жұқтырғандармен байланыста болған. Мамандар, бұл жағдайды ескере отырып, бірден зертханалық зерттеулер алған. Нәтижесінде екі ер адаман COVID-19 диагнозы анықталды Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем-дом жүргізіледі.
Науқастармен байланыста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Енді, анықталған ауру ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. 2020 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау қаласында COVID-19 инфекциясы бар 84 адам анықталды.
Сурет: ашық дереккөзден