Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалықтарға тағы қандай шектеу енгізілді?

Қызылқоға ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу, шектеу іс-шараларын күшейту туралы

Мен, Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Аймуратова Алтынгул Букенбаевна «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4 тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» №306 қаулысына және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі №32-ПГВр «ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысын, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын, Атырау облысы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 сәуір 2020 жылғы №34-ПГВр «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысын, 14.04.2020 жылғы №31-ПГВр «Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс-шаралары» қаулысын басшылыққа алып, «Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ-нің №103-1915-06 Ережесіне сәйкес, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызылқоға ауданы аумағында шектеу шаралары 2020 жылғы 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын.

2. Шектеу уақытында: Аудан және округ әкімдіктері, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және төтенше жағдайлар қызметкерлерін, сондай-ақ, стратегиялық объектілердің және өмірлік қамсыздандыру объектілерінің өндірістік процестерінде қызмет ететін мамандарды қоспағанда (қызметтік куәлігі мен жұмыс орнынан анықтама көрсеткен жағдайда), Қызылқоға ауданында коронавирус инфекциясы бойынша сантариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі аудандық жедел штабымен келісілген ұйымдардан басқа барлық ұйымдардың іс-әрекетіне (меншік түріне қарамастан) шектеу қойылды.

3. Аудан әкімі аппараты және ауылдық округ әкімдері:

1) карантин кезінде қоғамдық орындарға: парктерге, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға, көшедегі ойын алаңдарына және азаматтардың басқа демалыс орындарына баруға тыйым салынады;

2) азаматтардың қозғалысы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, бірінші қажеттіліктердегі заттарды алу үшін өзі тұратын аумақта қозғалуына, медициналық көмекке шұғыл жағдайда қаралуға рұқсат етіледі. Қозғалыс кезінде бетперде тағу, антисептикпен өңделген бір реттік қолғап кию. Жасы 65-тен жоғары тұлғаларға пәтер мен үйлерден себепсіз шықпау;

3) көпшілік іс-шаралардың өткізуіне тыйым салу (мерекелік, спорттық, мәдени көпшілік іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б. өткізу), оның ішінде үй жағдайында отбасылық іс-шара өткізу (қонақтық, садақа);

4) медициналық көрсетілімдері бар тұлғаларды қоспағанда COVID-19 қатты таралған елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шаралар үшін баруға тыйым салу. Азаматқа шетелге емделуге шығу үшін екі адамнан аспайтын қолдаушысы бар және сәйкес құжаттары болуы тиіс (территориалдық амбулаторлы-емханалық ұйымдарының дәрігерлік консультациялық комиссиясының қорытындысы, шетел медициналық ұйымының емделу үшін жазған хат-шақыртулары, нотариальдық куәландырылған аударыммен);

5) тұрғындардың өмірлік қажеттілігін қамтитын ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ, медициналық көрсетілімдері бар тұлғаларды, стационарлық жағдайда емделетін тұлғаларды, карантиндік және провизорлық стационарларда емделушілерді карантин енгізілген кезеңді қоспағанда, аудан тұрғындарына басқа облыстарға, аудандарға және Атырау қаласына баруға тыйым салынады. Карантин жарияланған кезеңнен бастап азаматқа медициналық көрсетілімдерімен қала/аудан аумағына шығу үшін екі адамнан аспайтын қолдаушысы және сәйкес құжаттары болуы тиіс (территориалдық амбулаторлы-емханалық ұйымдарының дәрігерлік консультациялық комиссиясының қорытындысы, карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымның диагнозы және жедел арада емдеуді көрсете отырып жазған хабар-шақыртулары, оған бірінші басшы қол қоюы тиіс және елтаңбалық мөртаңбамен бекітілуі керек);

6) азық-түлік сауда орындарында, дәріханаларда санитариялық дезинфекциялық режимді күшейту, қолды өңдейтін санитайзерлер орнату, жоғарғы бетті күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалық жұмыстар жүргізу, желдету);

7) көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), банкоматтарды, көше орындықтарын, банк терминалдарын, автокөлік жолдарын дезинфекциялық және жуғыш құралдармен өңдеу;

8) жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын қоспағанда азық-түлік тағамдарын қорапталған күйде сату;

9) тұрғындарға сауда объектілерінде, қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсетуде бір ауысымда екі рет ауыстырылып киетін бір реттік қолғаптар қолдана отырып қызмет көрсету (сатушылар, аспазшылар, кассирлер және азық-түлік тағамдарымен тығыз қарым-қатынас жасайтын басқа да қызметкерлер);

10) мейрамхана, кафе, бар, асхана және басқа қоғамдық тамақтану объектілеріне тек қана клиентке дейін жеткізу приципін қолдана отырып, жұмысына рұқсат беру (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін);

11) білім беру ұйымдарын қашықтан оқытуға көшіру (техникалық мүмкіндікті пайдалана отырып, жедел көшуді қамтамасыз ету), оның ішінде барлық білім бағалау түрлерін өткізу;

12) меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын тоқтату;

13) Блок-посттарда тепловизорларға инвентаризация жүргізу және дене термометрациясы үшін қолданып, басқа мақсаттарға тыйым салу;

14) бөлшектеп сатумен айналысатын дүкендерді азық-түлік тауарларымен көтерме күйде қамтамасыз ететін сауда объектілерін қоспағанда жәрмеңке, азық-түлік сататын базарлардың және адамдар жаппай шоғырланатын тағы басқа объектілердің жұмысын тоқтату;

15) мал базарлары мен мал сою цехтарының жұмысына «клиентке дейін жеткізу» принципі бойынша сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат беру;

16) тұрғындардың ауылдық елді мекендердің ішінде жүріп-тұруына тыйым салуды енгізу;

17) діни бағыттағы объектілердің жұмысын тоқтату;

18) ауданның, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көлікпен жүруді шектеу;

4. Аудандық полиция бөліміне:

1) Блок-бекеттеріндегі қызметкерлерді аудандық ауруханамен бірлесе отырып жеке қорғану құралдарымен қамту;

2) шектеу шараларын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шараларды күшейту;

3) отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруін болдырмау;

4) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандарды іздеу және карантинге орналастыру бойынша іс-шараларына қатысу;

5) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

6) Шектеу жарияланған аймаққа, жаяу жүргіншілердің ауданға кіруіне, сондай-ақ, барлық көлік құралдарының рұқсатсыз кіруіне жол бермеуді қамтамасыз етсін;

7) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алады, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;

8) азаматтардың көше бойымен жүру құқығынсыз үйдегі карантин режимін сақтауын бақылау;

9) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандар орналастырылған провизорлық және карантиндік стационарлардың күзетін қамтамасыз ету;

5. Аудандық ауруханаға:

1) медициналық ұйымдарға науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеу;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында барлық пациент ағынының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ету шлюздерін ұйымдастыру;

3) шлюз қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қаматамасыз ету (медициналық халат, бетперде, қолғап, қорғаныш экран, бас киім);

4) емдеу мекемелерінде СOVID-19 вирусына экспресс-тест жүргізу үшін арнайы бөлме бөліп, құралдармен қамтамасыз ету;

5) жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз ету;

6) медициналық мекемелерде сүзгі режимін енгізу;

7) денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-дезинфекция және эпидемияға қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

8) карантиндік стационарларда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз ету;

9) орта және ауыр дәрежеде жедел респираторлық вирустық инфекциясымен ауырғандарды қабылдау және госпитализациялау арнайы бөлімдерін ашып көрсету;

10) пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандыру;

11) қашықтан қызмет көрсету форматына алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерін қабылдауды, сондай-ақ, онлайн режимінде немесе рецепттерді үйге жеткізу;

12) ҚР Бас мемлекттік санитариялық дәрігерінің 14.04.2020 жылғы «Карантиндік іс-шараларды күшейту туралы» №33-ПГВР қаулысының 1 қосымшасына сәйкес аудандағы провизорлық бөлімшенің жұмыс режимін және аймақтандыруды сақтауды қамтамасыз ету.

6. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтандыруды сату объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) қызметі тоқтатылмаған ұйым басшыларына қызметкерлерін максималды қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру, қызметкерлерді үйлеріне жеткізуді тек қана қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету;

2) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

3) ғимараттардағы жабдықтау мен шығатын желдетуді тексеру және тазарту;

4) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриямен және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

5) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен әр екі сағат сайын өзгеріп тұратын қорғаныш бетперделермен, қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

6) келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен жіберуге;

7) дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу, кезектер жасау кезінде объектілерді үй-жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

8) қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету;

9) шаруашылық субъектілеріне азық-түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастырумен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;

7. Аудандық ішкі саясат бөліміне:

Коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша Қызылқоға ауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөнінде жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар, бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды және т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.

8. Ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар), аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі:

1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, шаруашылық-ауыз су құбырында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды күшейтсін;

2) су құбыры құрылыстарындағы апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс-шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;

3) қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен (бетперделермен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмау;

4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;

9. «Қазпошта» АҚ Қызылқоға аудандық почта байланыс торабы:

1) тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен және бетперделермен қамтамасыз ету, пошталық корреспонденциямен (хат, сәлемдеме) байланысты қызметтерді жеке қорғаныш құралдарымен жүргізу (халат, бетперде, қолғап);

2) зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек және төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін бөлімшелері санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып (персоналдардың және келушілердің бетперде тағуы, қолды өңдеу үшін санитайзерлер орнату, жоғарғы бетті күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалық жүргізу, желдету). Сондай-ақ, қызметі тек банкнот, монета және құндылықтар инкассациясына байланысты заңды тұлғалар, экономика субъектілерін және тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма-қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды уақытында қолма-қол ақшамен толырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге;

3) банкоматтардың, терминалдардың, интернет-банкингтердің, мобильдік банкингтердің және клиенттердің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйесінің, инкассаторлық қызметтің, сall-қызметтердің, төлем карталарын жеткізу қызметімен қамтамасыз ету.

10. Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы:

1) карантиндегі стационарлар мен объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын объектілерінде санитариялық - профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;

3) әрқашан бақылауға жататын тәуекел тобындағы объектілерді анықтау;

4) тәуекел тобындағы объектілерге нұсқама беру;

5) қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес эпидемияға қарсы шаралардың жедел жоспарын жаңартып отыру;

6) карантиндік стационарларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіз тамақтануына бақылау қою;

7) медициналық ұйымдарда қозғалу кезінде жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың бар-жоқтығына, қозғалысына мониторинг жасауды ұйымдастыру;

11. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

12. Қызылқоға аудандық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жыл 10 сәуірдегі №3-ПГВр «Қызылқоға ауданы аумағында қосымша шектеу іс –шараларының, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайын енгізу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

13. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА,

Қызылқоға ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT