Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңір журналистері Қайнар Олжаймен жүздесті

Белгілі журналист, танымал публицист Қайнар Қалиақпарұлы Олжай атыраулық журналистерге арнап шеберлік сабағын өткізді.

Оған "Атырау-Ақпарат" медиасеріктестігіне қарасты екі облыстық, жеті аудандық газеттің бас редакторлары мен журналистері, жаңа медиа бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинар барысында спикер мақаланың құрылымына назар аудару, сөйлем тақырыптарды мейілінше аз қолдану, жазу үшін форма таңдау, типтік қателер, мақаланың өзегін табу, материалды бұқараның тілімен жазбау, кәсіби сөзбен жазу, аудандық газеттер республикалық деңгейдегі ауқымды мәселелерді беруден тартынбау қажеттігін алға тартып, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Басылымның шығармашыл өкілдеріне қазақтың бейнелі тұрақты сөз тіркестерін, ғұламалардың нақыл сөздерін қолдануда мұқият болу керектігін, оны еш өзгеріссіз берудің маңыздылығын ескертті. Мақаланың тақырыбы - журналистің тапқырлығының бір бөлшегі болып табылатынын жеткізіп, бүгінгі таңда оған қойылатын негізгі талаптарды түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT