Басылымның сапалы шығуы маңызды

Бүгін "Аймақтық баспасөздің жаңа заман жағдайындағы дамуының өзекті мәселелері" тақырыбында Атырау облыстық Бас редакторлар клубының кезектен тыс мәжілісі өтті.

Оған белгілі публицист Қайнар Олжай қатысты. Қазіргі қоғамда ақпарат құралдарының ролі қандай? Халық шынайы ақпаратқа қаншалықты қол жеткізіп отыр? Атырау облыстық Бас редакторлар клубының кезектен тыс мәжілісінде осы мәселелермен бірге, Бас редакторлардың қызметі туралы кеңірек айтылды. Қайнар Олжайдың пікірінше, Бас редакторлар өзінің қызметінің заманға лайық жауапкершілігі мен ауыртпалығын сезінуі, редакциядағы проблемалар мен жақсы көрсеткіштерді нақты көріп, көтере білуі қажет.

– Бас редактор көп оқуы, қоғамда болып жатқан процестерді кәнігі тамыршыдай дөп басып, байқай білуі керек, - деген Қайнар Олжай орыс тілді газеттердің қазақшаға бейімделіп, табиғи процеске сай шығуы қажеттілігін де баяндады.

«Әрине, мұнда басылымның сапалы шығуы маңызды» деді ол.

Басқосуда журналистердің ізденісі туралы да айтылды. Нақты дәйектер мен деректерге сүйенген мақала қашан да оқырманын табады. Ал, оны лайықты бағалау, қаламақы қоюдағы əділеттілік - журналистің кəсіби шеберлігін шыңдап, ынталандыратын маңызды фактор.

Мәжіліс еркін пікір алмасу жағдайында өтті.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика