Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Есірткі саудасына тосқауыл керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күреске ерекше тоқталып өткен болатын. 

Жастардың санасын улайтын зиянды заттардың оңай саудалануы, қол жетімді болуы бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған басты мәселе екендігі анық.

Егемен елдің ертеңі жас ұрпақтың қолында болғандықтан, өскелең ұрпақты зиянды әрекеттен аулақ ұстауға шақыру - баршамызға ортақ міндет.

Ол үшін Мемлекет басшысы айтқандай, есірткі саудасына тосқауыл қойып, зиянды заттарға қарсы күреске бәріміз бел шеше кірісуіміз қажет.

Өйткені қазіргі таңда синтетикалық өнімдерді саудалау қол жетімді болып кеткен. Қалтасының қалыңдығын ойлайтын бизнесмендер сауданың оңай көзін таптым деп, болашағымызға балта шабуда.

Ж.ҚАМЗА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT