Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экология мәселелер туралы өтінім беру үшін @TazaQazBot телеграмм чат-ботына 116 өтінім түсті. Оның 104-і өңделіп, кері байланыс орнатылды.
Өтінім түріндегі барлық ақпарат жергілікті атқарушы органның операторына келіп түседі, ол оны жіктеп, орындаушыны тағайындайды. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы және жауапты орындаушыларды анықтау үшін барлық проблемалық мәселелер 17 санатқа бөлінеді, атап айтқанда, саябақтар мен аллеяларды, жолдарды (трассаларды), аумақтарды тазалау, жарықтандыру, көшелерді абаттандыру, құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды шығару, аула алаңдары, кіреберістердің санитарлық жағдайы, ғимараттардың қасбеттері, ашық люктер, көгалдандыру, су айдындарын тазарту және т.б.
Ағымдағы жылдың қазан айындағы мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша @TazaQazBot Telegram чат-ботына 6 мыңнан астам өтінім түскен.