Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

54 сайлаушыға сайлау жəшігі апарылды

Бүгін еліміз үшін маңызды күн.

Осындай маңызды күнде аудан тұрғындары саяси науқанға белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасауда. Қаракөл мәдениет үйінде орналасқан №151 сайлау учаскесі де таңнан бері қызу жұмыс жасауда. Сайлау учаскесінің төрағасы Төлеген Ароновтың айтуынша, учаскеге 901 сайлаушы тіркелген.

Ал, түске дейін 54 сайлаушыдан өтініш түсіп, оларға арнайы сайлау жәшігі апарылды. Олардың ішінде ауылдан шалғай орналасқан қыстақ тұрғындары, жас үлкен қарттар, денсаулығына байланысты шақыртқан және мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Үйіне шақырту берген жандардың бірі ауылдың қарт тұрғыны Құсан Алмашов. Ол жұбайы Моншақ Сүйеуғалиева екеуі өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

– Осы жасымызға дейін елімізде өткізілген сайлаудан қалып көрген емеспіз. Өйткені саяси науқан ел тұрғындары үшін маңызды деп білемін. Бізге осындай жағдай жасап, мүмкіндік бергендеріңізге алғыс білдіреміз, - деді ақсақал.

Сондай-ақ, сайлаудың өту барысын тоғыз бақылаушы кезекпен қадағалап отыр. Кешкі сағат 17:00-ге дейін сайлаушылардың 500-і дауыс беріп үлгерді. Учаскеде санитарлық талап сақталған.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521