Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕРІКТІЛЕРМЕН ЕҢСЕ БИІК

Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дүйсенбі күні «NIET» әлеуметтік қайырымдылық дүкені ашылып, жұмысын бастады.

Нысанның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Карин еріктілер жылы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек беру бағытында жасалып жатқан игі істің жалғасы таба берулеріне тілектестігін білдірді. Ізгі тілектен соң ғимараттың лентасы салтанатты түрде қиылып, шашу шашылды. Аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбол Бижановтың айтуынша, қайырымдылық дүкенін ашуда аудан тұрғындарының, соның ішінде жастардың көмегі көп болды.

i

Әсіресе, Сағыз, Миялы, Жангелдин ауылдық округі жастарының белсенділігі жоғары. Олар үйлерінен киюге жарамды балалар киімдерінен бастап, қыстық киімдерге дейін әкелді. Арасында ойыншықтар да бар. Дүкен толықтай көмекке мұқтаж отбасылардың игілігіне жұмыс жасайды. Алдағы уақытта қайырымдылық дүкені барлық ауылдық округтерде де ашылады. Бұдан кейін аудан әкімі, мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ардагерлер мен ауыл тұрғындары, аудан жастары мен еріктілердің қатысуымен «Арман» мәдениет үйінде Еріктілер жылының ашылу салтанаты өтті.

img_6522

Онда құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Негізінен еріктілер ұғымы біздер үшін жаңа ұғым емес. Өйткені қазақта жабыққанды жұбату, жетімін жылатпау, қысылғанда қол ұшын беру, үлкен істерге асарлата үн қосу қашанда болған, бола да бермек. Еріктілер қозғалысы ауданымызда өткен жылдардан бері көрініс тауып келеді. Әсіресе, ерікті жастарымыз әлеуметтік, экология, спорт салаларында белсенділік танытып, қарттарға көмек көрсетуде үнемі бастамашы болып жүр. Еріктілер қашанда халықпен бірге болуы тиіс, - деді.

Шара барысында Мұқыр, Сағыз, Миялы ауылдарындағы «Жүрекке жол», «Иман жастары» еріктілер тобының және басқа да еріктілердің қайырымдылық істері жайлы түсірілген бейнебаян көрсетілді. Жастардың орындауында Еріктілер әнұраны шырқалған соң, челлендж арқылы еріктілер жылының ашылу салтанаты Мақат ауданының жастарына жолданды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521