Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Көліктен өрт шығу қаупі туындады

Көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою бағытындағы іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын жұмылдыру, халықты дайындау мақсатында өткен аптада республикалық «Көктем-2020» командалық штабтық оқу-жаттығуы жиыны өтті.

img_6100

Оқу-жаттығу барысында алдымен «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік басқару органдарын, күштер мен құралдарын даярлау» тақырыбы бойынша күштер мен құралдарды құтқару жұмыстарына ендіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін құрылған жедел мән беру жасағының жеке құрамына саптық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Дабыл қағысымен алаңға жиналған медициналық, қоғамдық тәртіп сақтау, энергетика, химиялық және радиациялық қорғану, сауда, байланыс, ақпарат, жолдар мен көпірлер, өсімдіктерді және жануарлар әлемін қорғау, өртке қарсы қызметтерін, газбен, сумен қамту салаларын, авариялық-техникалық және құтқарушылар тобын аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Марат Күзембаев тексеріп, дайындықтарын пысықтады.

Жалпы, саптық тексеруге 85 адам және 21 арнайы техникалар мен автокөліктер қатысты. Оқу-жаттығу кезінде жедел мән беру жасағының жеке құрамының авариялық-техникалық және құтқарушылар тобы көктемгі тасқын кезінде су басқан тұрғын үйлерден тұрғындарды және үй жануарларын көшіруді ұйымдастырып, ауыл сыртындағы су бұзған бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, «Миялы-Жангелдин» тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, жанар жағармай таситын көліктен өрт шығу қаупі туындады. Сол кезде дабыл бойынша келген қоғамдық тәртіп сақтау қызметі апат болған аймақты қоршап, өрт сөндірушілер өрттің алдын алды. Ал, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жөнелтілді. Сөйтіп, жедел мән беру жасағының жеке құрамы берілген тапсырмаларды орындауда жеделділік көрсетіп, төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521