Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ТАЙСОЙҒАНДА ЖАҢА ӘКІМ

Дүйсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде Тайсойған ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлерді сайлау өтті.

Аталмыш округ әкіміне үміткер есебінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясына екі адам тіркелді. Сайлауға қатысқан аудандық мәслихат депутаттары өздері таңдаған үміткерге дауыстарын берудің нәтижесінде, бұған дейін Тасшағыл ауылдық округі әкімі қызметін атқарған Мәлік Қуанышев Тайсойған ауылдық округі әкімінің қызметіне бірауыздан сайланды.

Енді жаңа әкім қызметіне кіріскен соң өзіне жүктелген функционалды міндеттерді мүлтіксіз атқарумен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау аясында көптеген мәселелерді шешіп, ауылды көркейту жолында еңбек ететін болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521