Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елдің алдында еңсесі биік

Баршаңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан он тоғыз жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 23 маусымды БҰҰ Мемлекеттік қызметші күні деп жариялады. Осы бастаманы қолдаған Елбасы, 2013 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бұл күнді Қазақстан Республикасында да «Мемлекеттік қызметкерлер күні» етіп бекітті. Тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі, сол арқылы халқымыздың өмір сүру сапасының артуы, еліміздің әлемдік аренадағы ойып алар орны мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытуда басым бағыттардың бірі болып табылады.

Сондықтан, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық мән-маңызын жете сезінуі тиіс. Әр өңірдің қай салада да дамуы, бәсекеге қабілеттілігі сол жердегі мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты.

Осы орайда, ауданның мемлекеттік қызметкерлері де бүгінгі уақыт талабына сай, әрбір мәселе, әрбір адамның жағдайына бей-жай қарамай, әділ де уақытылы шешім алып, ашық диалог жүргізуде тындырымды істерімен көрініп келеді. Сіздер қазірде әлемді жайлаған коронавируспен күресте де алдыңғы қатардан табылып, қиын кезеңде тез әрі нәтижелі әрекет етіп, тиімді шешім қабылдауларыңызбен танылудасыздар. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасында бақыт-береке, жұмыста табандылық, мақсатқа жетуде жігерлілік, шешімдер қабылдауда парасаттылық, барлық істерде жетістік және өз күштеріңізге сеніміділік тілеймін.

Құрметпен,

Қызылқоға ауданының әкімі

Н.Бисембиев

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT