Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тегін берілетін дәрі-дәрмектер қайта бақылауға алынды

«Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттен тегін 48 дерт бойынша 280 түрлі дәрі-дәрмектер берілетіндігін ақпараттандыру және денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында облысымыздың барлық аурухана, емхана ғимараттарында, аурухана, емханалардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялау және әр емдеу нысандарының бірінші қабаттарына ілу үшін бір типтік үлгідегі ақпараттандыру қағазы ұсынылды.

Осы мақсатта, Атырау облысындағы барлық денсаулық сақтау ұйымдарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің 2021 жылдың 17 мамыры № 7-10/1844 санды хаты жолданған болатын. Алайда, осы жұмыстың күні бүгінге дейін өз деңгейінде жасалмай, халықты ақпараттандыру мен денсаулық сақтау саласының қызмет көрсетілуінде ашықтықтың жоқтығы біздің 15 маусымда сайттар арқылы кейбір емдеу мекемелерге барып және басқарманың берген мәліметтеріне сүйеніп жасаған мониторингтен байқалды.

Махамбет, Индер аудандарында жасалып жатырған жұмыстар жоқтың қасы. Құрманғазы, Мақат ауданындарында өз парақшаларына жариялағанымен, сурет немесе халыққа ыңғайлы ақпараттандыру инфографикасы салынбаған. Ал Қалалық №3 емхана бұрынғы тізіммен тұр, жаңартылмаған. Еркінқала амбулаторлық емхананың берілген 3 сайты да қарап бақыланды, тегін дәрі-дәрмектер жайында ақпараттандыру жоқ. Қызылқоға ауданы тек өз мекемелерінің сайтына салған, әлуметтік желілерге жарияламаған. Көп емханаларда тек сайттар мен әлеуметтік желілерге ақпараттандыру жүргізгенімен, емханалардің бірінші қабаттарына ілінбеген.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы №666 бұйрығына сәйкес, тегін медициналық көмектің, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары бар азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және медициналық бұйымдардың тізбесі шыққан болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT