Ел тарихын, мәдениетін білу – әрбір азаматтың міндеті.
Ал, өткенді білмей болашаққа көз жүгірту мүмкін емес. Осы орайда, өткеннің ізін жаңғыртып, тарихтан сыр шертетін негізгі құрал бұл – музей. Музейді екі дәуір арасындағы ұлы көпір десек те болады. Әсіресе, тарихи оқиғаларды санамызға сіңіруде музейдің рөлі зор.
Жақында Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Б.Қасеновтің бастамасымен Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің жеке құрамы облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурция жасады. Мұндағы мақсат – ел, қала тарихына бір көз жүгіртіп, рухани сусындау, патриоттық сана-сезімімізді нығайту еді. Музейдегі тамыры терең тарихымыздан сыр шертетін түрлі құнды заттар мен өткенді айна қатесіз бейнелеген көріністерден көп ой түйдік. Ішкі жан дүниеміз бен руханиятымыздың дамуына үлкен септігі тиді. Тіптен бойымызды бабалардың ерлігі, өрлігіне деген, жерді қорғаудағы, елді күзетудегі ерліктері мен түрлі сындарда мұқалмаған жігерлеріне деген риясыз алғыс кернеп тұрды.
Бақтияр ДӘУРЕНҚҰЛОВ,
Атырау гарнизоны әскери полиция бөлімшесінің офицері