Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚОЖАЛЫҚТАРҒА КӨҢІЛ БӨЛІНСЕ ИГІ

Киелі Қызылқоға мекені мал шаруашылығының қайнар көзі. Халықтың табыс көзі тікелей малмен байланысты.

Әрине, ауызша бәрі оңай болуы мүмкін. Алайда, малды бағудың да өзіндік қиыншылығы бар, үлкен еңбек пен төзімділікті талап етеді. Осы жөнінде менің айтқым келетіні алысты-жақынды шаруа қожалықтарына мал басын асылдандыру бағытында тапсырма берілуде. Енді, сол мал басын асылдандыру субсидияланса және соған жағдай жасалса екен.

Соларға жер бергенде де жауапты мамандар шама келгенше 2000 гектардай жерді төрт бұрышты қылып берсе халыққа қолайлы болар еді. Себебі, ол жер қай қожалыққа тиесілі екенін анық біліп отыруға ыңғайлы болады. Ауданымыздың дархан даласы кең. Сол жерлерді мал бағуға икемді, талпынысы бар жандарға бөліп бересе қандай тамаша?!

Жер көлемі 2000 гектар немесе одан жоғары болған жағдайда субсидия берілетінін естіп жүрміз. Және электрлі бағанасы тартылмаған мекенге күннен қуат алатын батареяларды орнатса да субсидияға берілетінін бірі білсе, бірі біле бермейді. Сондай-ақ, ветеринария мамандары әр шаруашылыққа арнайы барып дезинфекция жасап отырса екен. 700 бас қойы бар менің бір танысымның отарынан 600 бас қойынан бруцеллез ауруы шығып, жойылды. Қаншама еңбек босқа кетті. Қысқа қажетті жем-шөбін даярлап, көктемде төлдету, оны өсіру, өндіру, зор еңбектің арқасы емес пе?

Сондықтан, бруцеллез ауруы басқа да малдарға жұқпас үшін жиі тазалық жұмыстарын жүргізіп отырса деген ұсынысым бар.

Нұркен ҚАЗИЕВ,

Миялы ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT