Қарабау орта мектебінің бастауыш сыныптары арасында оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігі, туған жерді сүюі және өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында – «Алтын күз» байқауы ұйымдастырылды.
Оған алты жұп қатысты. Ең алдымен өздерін таныстырудан бастаған үміткерлер «Бар ізгілік тек білімнен алынар» бөлімі бойынша білімдерін, «Өнерлі бала – елдің көркі» бөлімі бойынша өнерлерін, «Сән үлгісі» бойынша күздік киім үлгілерін, «Біздің қолымыздан бәрі келеді» бөлімі бойынша жемістен, көкөністерден көрме жасады.
Нәтижесінде, жан-жақты дайындықпен келген 1а сыныбының оқушылары Эльнара Алтынбек «Күз ханшайымы», Дамир Мақсот «Күз ханзадасы» атанса, Санжар Алхам мен Еркеназ Мырзасиық (2а сыныбы) «Білімді жұп», Ералы Рахым мен Жанерке Берікқызы (2ә сыныбы) «Шебер жұп», Сәттімұрат Бердімұратұлы мен Айкөркем Саратан (1ә сыныбы) «Сыпайы жұп», Ізтілеу Алпамыс пен Айару Өтеген (3а сыныбы) «Ұшқыр ойлы жұп», Қылышбек Жақсығали мен Нұрсая Бұлдыбай (3а сыныбы) «Көрермен көзайымы» атағын иеленді. Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.
Гүлжан ТОҚМУРЗИН,
Қарабау орта мектебі