Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ БАҒДАРЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің екінші басшысы ретіндегі бірінші Жолдауын ел болып тыңдадық, қайтара оқып таныстық.

Ұлықтау салтанатынан бері 3 ай да өтпегені баршамызға белгілі. Себебі, халықтың өзінен үлкен үміт пен жаңа саяси бағыт күтіп отырғанын білді. Жаңа Жолдаудың ерекшеліктеріне назар аударсақ.

Ең біріншіден өткен жетістіктерді термелеп жатпады, сөздің басын билік пен бұқараның арасындағы қыл көпірдің нығаюы үшін не керектігін негіздеп, тізбелеп айтты. Өмірдің тірегі ана мен бала. Ана баланың жанашыры, қолдаушысы, қорғаушысы «Ел боламын десең - бесігіңді түзе» деді. Ұлттың болашағы - қыздың ары мен жігіттің намысымен сыналып келді. Қазақ тәрбиесінде қызға балаға ерекше құрмет жасалып, кішкене кезінен тәрбиесіне оразан зор көңіл бөлген. Асыл дінімізде де бұл нәрсе ерекше айтылады. Ал қазіргі қоғамдағы адамндардың азғындалуының шегі бесіктен белі шықпаған сәбиді зорлауға дейінгі іс әрекетке апарды. Бұл ниеттің бұзылуы. Балауыз аузынан ананың сүті кеппеген бүлдіршіннің болашағына балта шауып, тәнін мен жанын жаралауы, ұлттың болашағын ешбір соғыссыз құртуы деп білемін. Сол себепті әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, есірткі, адам сату секілді аса ауыр қылмыстардың жазасын күшейту туралы істі Парламент пен Үкіметке қадап тапсыру ең маңызды мәселе болды.

Себебі, елімізде осындай азғындыққа толы ауыр қылмыстар азамай тұр. Зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әсіресе кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселелер, олардың жалақысын көтеру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылуы, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет секілді ұсыныс-тапсырмалары көңілге қонымды болды. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы.

Қазіргі таңда жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршілік көру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі. Қаймағы бұзылмаған қазақ халқының қарқынды дамуы, ел болашағаның кепілі. Даму барысында негізгі рөл жастарға артыларын ескерсек, сол жастар өз қара басының қамын қамдамай, ел болашағының беріктігін қалқалап жүруі керек. Өрнегін салған өткен күндерді тарих сахнасына қалдырып, асығы алшысынан түсер алдағы сәттерді санасына түйіп, іс-әрекетке бет бұруы тиіс. Ең басты шешімдердің бірі - 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды.

Бұл дегеніміз азаматтық қоғамды нығайтудағы жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі десек болады. «Еріктілер жылында» азаматтардың, әсіресе, студенттер мен оқыушылардың қатысу аясын кеңейту - негізгі міндет болмақ. Барлық жастарды белсенді болуға шақырамын. Жастар жылының жалғасы іспетті атаулы жылда да жақсы жұмыстар атқарылатынына сенімім мол. «Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әрбір Қазақстанның жас жеткіншектері қисық не қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары қазақ елінің ертеңі екенін білсе, демек М.Мағауин атамыз айтқандай «Ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз қажет. Татулығының арқасында бейбіт күн кешіп, жыл сайын жылжып, күн сайын өсіп отырған Қазақстанның алар асуы алда екеніне сенеміз. Дамыған елдерден даралану үшін, әр Алаш азаматы қол қусырып жатпасы хақ.

Сондай-ақ, ұлт болашағы жастардың қолында екен, жүрегімізде «елім» деп лаулаған алау алаш жастарын бір сәтке де жәйбарақаттылыққа салынуына жол бермесі анық. Себебі, Қазақстанның гүлденуі - жастардың қолында!

 

Ақниет САРБАСБАЙ,

Х.Досмұхамедұлы атындағы

Атырау мемлекеттік университеті

журналистика мамандығының 3 курс студенті

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT