Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҮЗ ОН ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

"Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облысында іс-шаралар өтуде" деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізуге ниетті. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин мәлімдеді.

- Жыл басынан бері облыстық мәслихатта 40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды. Бұл мәслихаттың өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, - деді Өмірзақ Зинуллин.

Сонымен қатар, мәслихаттар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысады. Солардың бірі – аудандық депутаттар. Олар өз тараптарынан демеушілік жасау барысында жыл сайын көптеген мәселелердің шешімін тауып жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT