Сағыз ауылындағы №155 сайлау учаскесіне тіркелген 1835 сайлаушының 26-сы Былқылдақтыда, 39-ы Қоңыраулыда тұрса, 25-і «СағызПетролеум» компаниясында жұмыс жасайды.
Оларға арнайы көлік жіберіліп, дауыстары алынды. Олардың қатарында үйлерінен дауыс беруге өтініш жазған 35 сайлаушы бар. Сондай-ақ, бүгін «Шұғыла» мәдениет үйінде өтіп жатқан сайлауға өткен жылы 18 жасқа толған Шынар Өтеген, Арайлым Сүйін, Ақнұр Сейфоллалар алғаш рет қатысып, өз таңдауларын жасады.
– Құрбыларыммен бірге алғаш рет ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезекті сайлауына қатысып, өз даусымды бердім. Бұл менің азаматтық борышым деп санаймын. Ел болашағы – жастардың қолында, - дейді Ақнұр Сейфолла.