Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Эко-сағат" акциясы ұйымдастырылды

3 қазан күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Эко-сағат» кең көлемді республикалық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция аймақтағы барлық мектепте өтті. №30 қалалық мектеп-лицей оқушылары мен мұғалімдер құрамының алдында сөйлеген облыс әкімі бұл науқан өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарап, экологиялық білімді меңгеруіне бағытталғанын, тәрбиелік мәні зор екенін айтты.

​-Экологияны жақсарту, қоршаған ортаны таза ұстау - бәрімізге байланысты. Табиғатты қорғауға деген ұмтылыс бала кезден басталуы тиіс. Әр отбасында осыған айрықша көңіл бөлінуі керек. Бабаларымыз ғасырлар бойы табиғаттың шырқын бұзбай, жанашырлықпен қарап келді. Ол үшін қарапайым қағидалар жеткілікті: қоқыстарды қалдырмау және табиғи тепе-теңдікті бұзбау. Табиғатты қорғау мәселесі жыл санап өзекті болып келеді және әр мемлекет үшін маңызды әлемдік проблемаға айналуда,-деді Нұрлан Ноғаев. ​

e

Облыс әкімі қоршаған ортаны қорғау мәселесі ғаламдық сипатқа ие болғанын атап өтті. БҰҰ қабылдаған табиғатты қорғаудың бүкіләлемдік стратегиясы өнеркәсіптік кәсіпорындарды қазіргі заманғы экологиялық технологияларды пайдалануға, энергия көздерін жаңартып, инновациялық шешімдер қабылдауға үндейді. ​ Нұрлан Ноғаев оқушылардың экологиялық қауіпсіздік бағытындағы жұмыстарымен танысты. Мектептегі экологиялық үйірмелер оқушыларға қоршаған ортаны қорғау туралы білім беріп қана қоймай, экологиялық мәдениетке тәрбиелейді. ​ Оқушылар аймақ басшысына экология тақырыбында салған суреттерін көрсетті. 9 сынып оқушысы Жайық өзені мен мұнай өңдеу зауыты бейнеленген қала суретін салған.

​-Бұл шынында да біздің қаланың өзекті тақырыбы. Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға қандай залал келтіріп жатқандарын көпшілік біледі. Осы мәселені шешу үшін Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығымен жұмыстар жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес қалдықтарды азайту үшін алдыңғы қатарлы технология пайдаланылады,-деді Нұрлан Ноғаев.

–Сонымен қатар, түрлі кәсіпорындардың қалдықтары жиналған «Сасықсай» деп аталып кеткен булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады. Бұл шаралардың бәрі де қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған. ​Облыс әкімі мектеп мұғалімдері мен оқушыларының күшімен жасалған қысқы баққа да барды. Қысқы бақта 17 жылдан бері 150-ге жуық өсімдік өсіріледі.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521