Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Егемен еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын ұлы құжат»

«Ата заңға 30 жыл»

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция халықтың таңдауы. Оны құрметтеп мақтан тұту және қорғау - әр адамның парызы. ​Конституция – егемен еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттілігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын ұлы құжат. Сондықтан Конституция күні баршамыз үшін ерекше маңызға ие үлкен мереке. Бүгінде әр адам өзінің мемлекет қорғауында екенін толық сезінуде.

Бір сөзбен айтқанда, Ата Заң –халыққа теңдік алып беретін, елдің сөзін сөйлейтін құжат. ​ Қазақ елінің барлық бітім-болмысына, рухани-моральдық құндылықтарына негізделген, әлемдік өркениеттің озық дәстүрлерін бойына сіңірген Конституциямыз шын мәніндегі мемлекетіміздің баянды бірлігі мен кепіліне айналып отыр. Соның арқасында елімізде тыныштық. Басқалардан ерекшелігі- Қазақстанда сөз бостандығы, ой еркіндігіне құқық берілген. Кез-келген мемлекеттік орган, ұйым, мекеме өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып,өз қызметтерін жүзеге асырады және қорғайды.

Сондықтан Конституцияға сенуге және оны мақтан етіп дәріптеуге міндеттіміз. ​ Мемлекеттің тұғырын биіктетіп, тамырын тереңдететін де, болашағын баянды ететін де – заң. Тіпті, кешегі бабаларымыз да қарар қабылдап, құжатын тасқа баспағанымен, өзінің әрбір қадамын, ру арасындағы байланыстарын, көрші елдер арасындағы елшілік қарым-қатынастарын, ішкі, сыртқы дауларын осы қағидаларға сүйеніп шешіп отырған. ​ Тарихта Қасым Ханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» деген аттармен қалған дала заңдары бүгінгі Ата заңымызға негіз болғаны шындық. Бұл қазақ халқының қашаннан заңға бас игенін, әрбір ісін әділдікке, адалдыққа сүйеніп жасағанын аңғартады.

Міне сол бабалар салған сара жолды жалғап, әлемдік өркениеттің озық үлгілерін ескере отырып дайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына да биыл 30 жыл толмақ. ​ Иә, жоғарыда айтылғандай, ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. ​Бас құжаттағы әр бап, әр тарау – терең ізденістің нәтижесі. Мемлекеттің дамуын айшықтап, азаматтардың тағдырына жауапты болғандықтан, мұндағы тетіктердің барлығы үлкен талқыдан өткен еді. ​Отыз белестен өткен Конституциямыз, тәуелсіз елдің аяғынан тік тұруына ықпал етті. Бұл заң егеменді елдің мемлекеттік құрылымдарын қалыптастырып, болашағына бағдар берді. Азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігінің кепіліне айналып қана қоймай, түрлі ізгі реформалардың бастамашысы ретінде танылды. Конституцияда қарастырылған баптардың үштен бірі азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін бекітеді. Бұл, мемлекет үшін, адамның ең жоғары сатыда тұрғандығын, мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам екендігін сөз жүзінде ғана емес, құжат жүзінде де нақтылағанын көрсетеді. Ата Заңымыз Конституцияда көзделгендей, мемлекетіміздің басты байлығы адам, оның бостандығы мен құқықтарын қорғау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болғандықтан, сот төрелігінің басты мақсаты да адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әрі қалпына келтіру арқылы қара қылды қақ жарған – заңдылық пен әділдікті орнату болып табылады.

Г. ШЕЛТЕУОВА,

Қызылқоға аудандық сот әкімшісінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT