Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Президент тапсырмасы бойынша 1,3 млрд-тан астам көшет отырғызылып, жаңа орман тәлімбақтары құрылуда 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

 Бүгінгі таңда экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, мемлекеттік орман қоры аумағында 1,3 млрд көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылды.

Сонымен қатар, елді мекендер аумағында 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма орындалды. 2024 жылдан бастап орман мелиорациялық жұмыстардың едәуір көлемі ірі компаниялардың қатысуымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жерсінуі мен өміршеңдік деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тәлімбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде. 

Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман тәлімбағының құрылысы аяқталды. Биыл ауданы 15 гектар жаңа тәлімбақты жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ орман мелиорациялық жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін өндірістік модульдерді жеткізу жүзеге асырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT