Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды. Бұл – уақыт талабынан туындаған, ел болашағына бағытталған маңызды шешім. Мемлекет басшысы бұл бастамасы арқылы еліміздің тұрақты экономикалық өсімі мен әлеуметтік дамуына тірек болатын еңбек адамдарының, нақты салаларда тер төгіп жүрген мамандардың рөлін айрықша атап өтті.
Жұмысшы мамандықтары – кез келген ел экономикасының тірегі. Инновациялық даму, өндірістік қуат, ауыл мен қала инфрақұрылымы – бәрі де осы мамандардың қолымен жасалады. Олар – болаттай берік, төзімді, шынайы отаншыл жандар.
Бұл бастаманың мақсаты – жұмысшы мамандықтарын насихаттау, олардың қоғамдағы маңызын арттыру, еңбек адамына деген құрметті жаңғырту.
Сәбит Халенов,
ардагер