Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән берілгені біз, ауыл еңбеккерлері үшін зор қуаныш. Агросектор – ел экономикасының берік тірегі әрі халықтың әлеуметтік тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі.
Президент атап өткендей, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу, заманауи суару жүйелерін дамыту және субсидиялау тетіктерін жетілдіру – саланың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдар. Бұл бастамалар фермерлердің еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, ауылдағы өмір сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
Сонымен қатар, ауыл жастарының кәсіпкерлікке бет бұруына жағдай жасау, аграрлық білім мен инновацияны қолдау – саланың болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі.
Темір ҚҰБАНОВ,
шаруагер