Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еңбек адамдарына ерекше құрмет

Биылғы атаулы жыл аясында жұмысшы мамандықтарына орай өтіп жатқан шаралар легі аудан мектептерінде де өз мәнінде ұйымдастырылып келеді. Жуырда осындай бір мазмұнды шаралар Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектепте жалғасын тапты.

Ұйымдастырылған шаралардың алғашқысы мектептің жай қызметкерлері арасындағы «Еңбекпен шыңдалған, спортпен шыныққан» аталатын спорттық-эстафеталық сайыс болды.

Бұл шараның қатысушылары алдымен 3 топқа бөлініп, 7 тур бойынша өзара бақ сынасты. Сайыстың әр кезеңінде оған қатысушылардың ептілігі мен жылдамдығы, ұйымшылдығы мен шыдамдылығы сынға түсті. Белсенділік танытқан командалар бірін-бірі жігерлендіріп, шынайы спорттық рух пен ұжымдық бірліктің үлгісін көрсетті.

Еңбек – өмірдің мәні, спорт – сергектік кепілі екендігін де дәріптей түсіп, қарапайым еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық ынтымақты арттыру мақсаты болған сайыс соңында жеңімпаздарға және жалпы қатысушыларға мектептің кәсіподақ ұйымы атынан арнайы  естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 

 

Аталған білім ұясындағы атаулы жылға арналған және бір игілікті іс «Бір жыл - бір тыныс: Жұмысшы мамандықтар жылына тағзым» тақырыбындағы ардагер техникалық қызметкерлерді ұлықтау шарасы еді.

Бұл шара барысында техникалық қызмет ардагерлерінің тынымсыз еңбегі мен мектептің тыныс-тіршілігіндегі өлшеусіз үлестері ерекше аталып өтті. Оқушылар мен ұстаздар ардагерлерге арналған «Көрінбейтін батырлар» бейнебаянын ұсынып, жылы лебізді естеліктерімен де бөлісті.

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл кеште сонымен қатар орыс тілі мен әдебиеті пән бірлестігі оқушылармен бірлесе «Абай әлемі - рухтың биігі» тақырыбында сахналық көрініс қойды.

Ардагерлерге деген алғыс пен құрметтің белгісі ретінде кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлықтар табысталуы адал еңбектің қадірін арттырып, еңбек адамын дәріптеген шараның шырайлы бір сәті болды. 
    

Асыланбек АРОНҰЛЫ,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT