Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбекқор жандардан үлгі алайық!

Қазіргі таңда елімізде жұмыссыздық, баспанамен қамту, көп балалы аналарды қолдау сынды әлеуметтік мәселелер аз емес.

Өз кезегінде, бұл мәселелерді шешу жолында үкімет тарапынан бірнеше бағдарлама қабылданып, кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Әсіресе, жұмыспен қамту бағытында қолға алынған жобалар жетерлік. Мәслихат депутаты болғандықтан халықпен кездескенде осы айтылған бағдарламаларды насихаттап, жұмыссыздарды жұмысқа шақырамыз. Сондай сәтте кейбір жұмыссыздардың ұсынған жұмысқа бармай, әлеуметтік көмек алып жүре бергісі келетіндігіне талай куә болдық.  Бір сөзбен айтқанда масылдық әбден меңдеп алған.

Ұсынған жұмысқа бармай, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен  жүргісі келетіндерді көргенде баяғы еңбекқор адамдарды еске аласың. Мысалы, сонау тоқсаныншы жылдары тоқырау заманында отбасын асырау үшін аналар ала сөмке арқалап, саудаға шықты. Күн-түн демей еңбек етті. Ол заманды әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлерге грант деген мүлде болған жоқ. Сонда да еңбекқор жандар қиындыққа берілмей, жанын сала жұмыс жасады. Ал, қазір сол кісілердің  алды 2-3 дүкені бар, шаруасын дөңгелеткен кәсіпкерлер. Еңбекте береке бар деген осы. Кейінгі жас буын арасында да  мемлекет берген гранттар мен жеңілдетілген несиелерді алып, кәсібін кеңейтіп жатқандар аз емес. Міне, осындай кәсібінен нәсібін тапқан еңбекқор жандарды үлгі етіп, жиірек насихаттауымыз керек. Сонда ғана қоғамда масыл адамдар азайып, көпшіліктің жұмысқа деген ынтасы оянары хақ.

 

Бағытжамал ЖҰМАБАЕВА,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521