Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық арнада берген сұхбатында елдегі бірқатар мәселелерге нақты жауап берді. Оның еңбекшіл халық мәселесін көтергені қатты ұнады. Бұл ретте ол халықты еңбек етуге шақырды. Шындығында, халық еңбек сөзінен алшақтап кеткен секілді. Нағыз еңбекқорлар азайып барады. 

   Себебі, бүгінде қара жұмыстың адамы аз, нағыз еңбекқор, жұмысшы күші көбейсе қандай жақсы?! Жалқаулықты мүлдем ұмытқан жөн, ол жақсылыққа әкелмейді. Уақытын босқа өткізетін адам табысқа жетпейді. Еңбекке деген сүйіспеншілікті оятса, ол дұрыс бағытқа қарай жүруге итермелейді.

    «Жалпы, бәріміз еңбекқорлықтың, біліктіліктің идеологиясын көтеруіміз керек. Ұлтымыз дүние жүзінде, ең алдымен, еңбекқор, жұмысқа адал ұлт ретінде мойындалатын болса, бұл экономикамызға оң әсер етеді. Масылдықтан, жалқаулықтан алшақ болуымыз қажет. Сонда ғана Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы іске асады», деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай елде жұмысшы таптың сапасын арттыру қажет.

Еңсеген ӘБИ,

Жангелдин ауылдық ардагерлер

кеңесінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521