Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Еңбек адамдары ескерусіз қалмасын

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым. Ата-бабамыз аңсап өткен еге¬мендікке куәгер болып отырғанымызға тәуба дейміз.

Осы орайда, қасиетті де, қастерлі мерекеде біз қарапайым еңбек адамдарын ұмытпауымыз керек. Елдіктің, егемендіктің қалыптасуы жолында тек қана басшылар мен ақын-жазушылар емес көшедегі тазалықшыдан бастап, қарапайым көлік жүргізушіге дейін қосқан үлесі зор. Біз кешегі Кеңес үкіметін қанша жамандасақ та ол заманнан алатын үлгі аз емес.

Мысалы ол заманда еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлінді. «Үздік сауыншы», «Жүз қойдан жүз жиырма қозы алған шопан», «Шебер тракторшы» сынды атақтар көп болды. Тіпті үздік шыққан еңбек адамдарын ұлығылап қана қоймай, оларды депутат қылды, лауазым берді. Бұл расымен де еңбек адамдарын ынталандыратын. Тіпті, кей жағдайларда совхоз директорынан қойшының жалақысы көп болатын. Сол сияқты, біз де осынау қастерлі де, қасиетті мерекеде еңбек адамдарын ұлығылауымыз керек. Өкінішке қарай, қазір біздің елде құрылысшы, шопан, сауыншы деген мамандар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері. Тікелей әкімдік пен мемлекеттік мекеме құзырында емес.

Сондықтан, атаулы мерекелерде олар ескерусіз қалып жатады. Осы орайда, «Тәуелсіздік мерекесінде қарапайым еңбек адамдарын ұлықтайық» деген ұсыныс айтқым келеді. Ұзақ жылдық еңбегі бар адамдарды саралай отырып, бір-екеуіне «Құрметті азамат» атағын берсек те жарасады.

Есенбай НҰРОВ,

Қорғаныс саласының ардагері

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT