Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Олимпиаданың жабылу салтанатын қайдан көруге болады

АСТАНА. KAZINFORM — 22-нен 23 ақпанға қараған түні Италияның Верона қаласында 2026 жылғы XXV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады және «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан көрсетіледі.

 Іс-шара көне «Арена ди Верона» амфитеатрында өтеді. Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада «Beauty in Action» («Қозғалыстағы сұлулық») атты шоуымен аяқталады. Жабылу салтанатына дәстүр бойынша барлық қатысушы елдердің делегациялары, оның ішінде Қазақстан да қатысады — спортшылар аренадан салтанатты түрде өтеді.

Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті, олар спорттың он түрі бойынша жарысқа қатысты.

Жабылу рәсімі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы — Француз Альпілеріне олимпиадалық туды тапсырумен аяқталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT